Текст
04.06.2025 Қазақстан Республикасының Рәміздер күні.🇰🇿🇰🇿🇰🇿
1991 жылы тәуелсіздік алған Қазақстан егеменді ел ретінде өзінің мемлекеттік рәміздерін қабылдады.
Елтаңба, Әнұран, Ту – мемлекеттің бет-бейнесі. Бүкіл әлемде азаматтар ұлттық бірліктің белгісі ретінде мемлекеттік рәміздерге назар аударады.
Мемлекетіміздің рәміздері – оның егемендігі мен тәуелсіздігінің, халық пен биліктің бірлігінің бұлтартпас айғағы.